FlyАrystan жаңа рейсін іске қосты

FlyАrystan жаңа рейсін іске қосты

FlyАrystan жаңа рейсін іске қосты
ашық дереккөзі

14 шілдеден бастап Шымкент - Кутаиси рейсі іске қосылады. Бір бағытта ұшу құны 29 999 теңгеден басталады, деп хабарлайды FlyArystan баспасөз қызметі.

Рейс аптаның сәрсенбі мен жексенбі күндеріне жоспарланған. 180 орындық Airbus A320 ұшақтары арқылы ұшуға болады.  
– Біз шуақты Шымкент қаласынан  жаңа халықаралық бағытты жариялауға қуаныштымыз! Грузияның батысында, Риони өзенінің жағасында, теңіз деңгейінен 120 м биіктікте орналасқан ежелгі қала Кутаисиге ұшыңыз! Қала өзінің тарихи атауын грузиндік «куато»,  «жартас» деген мағынаны білдіреді. Бұл қаланың тік жартасты жерде орналасуымен байланысты. Кутаисиге келсеңіз, төрт мыңжылдық ежелгі тарихтың және табиғаты ерекше пейзаждарға куә боласыз. Біз Шымкенттен Кутаисиге тікелей рейстерді аптасына 2 рет жайлы Airbus А320 әуелайнерімен орындаймыз. Сондай-ақ, Алматы қаласы арқылы ыңғайлы аялдамалы рейсін ұсынамыз, – деген ресми сайтта.