Гарри Поттердің әлемі туралы 5 фильм түсіріледі

Гарри Поттердің әлемі туралы 5 фильм түсіріледі

Гарри Поттердің әлемі туралы 5 фильм түсіріледі
ашық дереккөзі
Джоан Роулингтің "Таңғажайып мақұлықтар және олар қайда өмір сүреді" романы жайлы бес фильм түсіріледі. Осыған дейін бұл романды үшке бөліп түсіретіні жарияланған болатын. Бұл туралы жазушы, Twitter желісіндегі өзінің парақшасында жазған. Жаңа франшизаның бірінші картинасы биылғы жылы қараша айында экранға шығады. Роулинг өзінің парақшасында былай деп жазба қалдырған: "Бес. Жеті емес. Үш емес. Бес". "Менің ойымша, сіздер бұл оқиғаның шын мәнінде қызықты екенін білгенде, бір фильмге сыймайтынын түсінесіз", - деді жазушы. Жазушы фильмнің сценарийсті ретінде шығады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта соңғы нүктені қою барысымен айналысып жатыр. Бұл картина Гарри Поттер сагасының приквелі және жазушы Ньют Скамандердің Нью-Йорктегі сиқыршылардың құпия қоғамындағы оқиғалары жайында болады. Басты ролде "Оскар" сыйлығының лауреаты Эдди Редмейн ойнайды. Сонымен қатар, фильмде Колин Фаррелл, Джон Войт, Анджелины Джолидің әкесі түскен.