Жаңалықтар

Илья Ильин әкім болатынын айтты

Белгілі спортшы Илья Ильин спорттағы карьерасын аяқтағаннан кейін саясатқа барынша араласпақ, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Жетінші арнадағы» «Студия 7» бағдарламасының эфирінде әкім болуға ниетті екенін айтқан.

Әрине, карьерамды аяқтар кезде ойландым. Бірден мемлекеттік қызметкер болсам ба дедім (әкім, депутат). Иә, ондай ойлар болды. Бірақ маған тәжірибе керек дегенге тоқтатдым. Сөйтіп бұл мақсатымды 42-43 жасыма қалдырдым. Қазір тәжірибе жинап жатырмын, өзімді танып, адамдарға білімімді беріп, сосын әкім болатын шығармын.

Қазір спорт кешенінің директорымын, онда балалар мен ересектер жаттығады. Онда спорттың 12 түрімен 700 адам шұғылданады. Ақырындап басқаруды үйреніп жатырмын. Бұл мемлекеттік қызметке теңестірілген. Тәжірибе жинап жатырмын», – дейді спортшы.

Back to top button