Жаңалықтар

Жаңа қаулы: Нұр-Сұлтанда карантин талаптары тағы күшейтілді

Елорда бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қаулы етті:

  • онлайн форматта ұйымдастыруды қоспағанда, жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  • саябақ аймағында орналасқан ашық ауадағы аттракциондардың барлық түрлеріне тыйым салу;
  • Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін театрлардың, филармониялардың жұмысын отыратын орындар санының 20%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру;
  • Ashyq жобасына қатысатын субъектілер (объектілер) үшін  кинотеатрлардың жұмысын отыратын орындар санының 30%-нан аспайтын толтырумен, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша  арасында екі кресло қалдырып және қатарлар бойынша шахматтық тәртіппен отырғызып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды  сақтаумен, акциялар өткізбей, жұмыс кестесін жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін белгілеумен ұйымдастыру.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Қаулы 2021 жылдың 2 шілдесінен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, елордада карантин кейінгі рет 24 маусымда күшейтілген болатын.

Back to top button