Оқушы мектеп асханасына қарыз болғаны үшін аттестатын ала алмаған
Оқушы мектеп асханасына қарыз болғаны үшін аттестатын ала алмаған
Ресейдің Урюпинск қаласындағы мектептердің бірінде оқитын 9-сынып оқушысы мектеп асханасына қарыз болғаны үшін аттестатын ала алмаған. Бұл туралы Известия газеті хабарлайды.
Оқушының анасы Урюпинск қаласының ауданаралық прокуратурасына ұлының құқығы бұзылғанын айтып, шағымданған.
Белгілі болғандай, екі баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты ана материалдық жағдайының төмен болуына байланысты мектеп асханасына төлеуі тиіс қаражатты өтей алмаған.
Ал мектеп директоры оқушыға ақша төлемейінше негізгі орта білім туралы аттестатты бермейтінін айтқан.
Ақырында бұл іске прокуратура өкілдері араласқан соң ғана оқушы аттестатын алған.