Абай шығармалары тұңғыш рет норвег тілінде жарық көрді

Абай шығармалары тұңғыш рет норвег тілінде жарық көрді

Абай шығармалары тұңғыш рет норвег тілінде жарық көрді
ашық дереккөзі
Осло қаласындағы Әдебиет үйінде Абай Құнанбайұлының Қара сөздері мен таңдамалы поэзиясының («Abais dikt og visdomsord») норвег тіліндегі аудармасының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Бұл еңбек - норвег тіліне аударылған қазақ классикалық әдебиетінің алғашқы үлгісі. «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Абай мұрасына ұлтымыздың бірлігі мен өркендеуіне жол ашатын құнды байлық ретінде жүгінуге шақырады. Біз Абай шығармаларының норвег тілінде жарық көруін Қазақстан тәуелсіздігінің 30-жылдығына арнаймыз», – деді презентацияда Қазақстанның Норвегиядағы Елшісі Еркін Ахинжанов. Абай шығармаларын норвег тіліне тәжік-норвег жазушысы және әдебиеттанушы Лютфия Бобоёрова аударды. Кітапты «Sirkel Forlag» баспасы шығарған, бас редакторы және Абай жайлы өмірбаяндық тарау жазған норвег ғалымы және баспагері Осхильд Кюлос.