20 тамыздан бастап вакцина алмағандар қоғамдық орындарға кіре алмайды

20 тамыздан бастап вакцина алмағандар қоғамдық орындарға кіре алмайды

20 тамыздан бастап вакцина алмағандар қоғамдық орындарға кіре алмайды
ашық дереккөзі
20 тамыздан бастап Әбу-Дабиде COVID-19 вирусына қарсы екпе алғандар ғана қоғамдық орындарда жүре алады. Әбу-Дабидің Төтенше жағдайлар, дағдарыс және табиғи апаттар жөніндегі комитеті осындай шешім қабылдады. Бұл шешім сауда орталықтары, мейрамханалар, дәмханалар, демалыс орындары, спорт орталықтары, сауықтыру клубтары, шипажайлар, мұражайлар мен мәдени орталықтар, тақырыптық сабақтар, университеттер мен институттар, мектептер мен балабақшаларды қамтиды. Одан бөлек, вакцинасыз сауда үйлерінен тыс орналасқан дүкендерге кіруге болмайды. Алайда бірінші қажеттіліктегі тауарларды сататын супермаркеттер мен дәріханаларға кіруге рұқсат етілген. Биліктің айтуынша, мұндай тыйымның 16 жасқа дейінгі балалар мен вакцина алуға болмайтын адамдарға қатысы жоқ. Айта кетейік, осы елде коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне орташа есеппен шамамен 2,1 мың адамға жетті және бұл көрсеткіш соңғы айда біртіндеп өсіп келеді.