Жаңалықтар

Блокпостар қойылатыны туралы ақпарат қаншалықты рас?

Әлеуметтік желілерде елде енгізілген локдаун туралы ақпарат тарала бастады.

Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша қайтадан «қызыл» аймаққа енуі себепті қалалар арасындағы қозғалысқа тыйым салынған-мыс. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

«Бұл – жалған ақпарат. Бүгінгі таңда кейбір аймақтарда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты карантиндік шаралар күшейтілді. Олар сауда орталықтарының, дәмханалардың, барлардың жұмыс уақытын қысқартуға, қоғамдық көліктерді дезинфекциялау уақытын ұлғайтуға және тағы басқасына қатысты. Ел аумағында локдаун енгізілмейді. Қалалар арасындағы авиатасымал мен қалааралық жерүсті көлік қатынасы штаттық режимде жұмыс істейді. Блокпостар қойылмаған», – деп жазады stopfake.kz сайты ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаевқа сілтеме жасап.

Back to top button