«Елорда – өнер өлкесі» атты халықаралық шығармашылық кездесулер басталды

Елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен қала күніне орай Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан театрларының тәжірибе алмасу мақсатында «Елорда – өнер өлкесі» атты шығармашылық кездесулер басталды. 

Шығармашылық кездесулер аясында 10 театр, соның ішінде Өзбекстан Республикасы Өзбек ұлттық академиялық драма театры мен Қырғыз Республикасы Б.Қыдыкеева атындағы Қырғыз мемлекеттік жастар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан ән-би ансамблі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар театры, «Astana Musical» мемлекеттік театры және Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры елордалық көрермендер мен театр сыншылары назарына үздік қойылымдарын ұсынады.
Шығармашылық кездесулер аясында ұсынылған қойылымдар арнайы шақырылған театр сыншылары тарапынан талданып, талқыланатын болады. Театрлардың байланысын нығайту мақсатында шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Сарапшылар алқасының құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мұхтар Әуезов
атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының директоры, өнертану ғылымдарының кандидаты, сарапшылар алқасының төрағасы Еркін Жуасбек, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қазақстан театр қайраткерлері» одағының төрағасы, театр және кино актеры Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұлов, Қазақ ұлттық өнер университетінің аға оқытушысы, театртанушы, өнертану ғылымдарының магистрі Айзат Қадыралиева, Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры директорының орынбасары, өнертану ғылымдарының магистрі, театртанушы Тимур Нұралыұлы Ахметов, Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының көркем әдебиет және ғылыми қор бөлімінің меңгерушісі, өнертану магистрі, театртанушы Мирас Әбіл бар.

b880f60a b642 46e2 b980 45ea61ee6a72

Back to top button