Халық санағы қалыс қалатын іс емес

Халық санағы қалыс қалатын іс емес

Халық санағы қалыс қалатын іс емес
ашық дереккөзі
Мен республикамыздың бірқатар аумағында халық санағын дайындауға және өткізуге қатыстым. Кеңестік кезеңде, негізінен санақ науқанына қатысушы ретінде халықты осы ауқымды мемлекеттік іс-шараға қатысуға үндеушілердің қатарында болдым. Біз кәсіпорындар мен мекемелерді араладық, жұмысшыларға дәрістер оқыдық, бұл үшін түскі уақытты таңдап, алынған ақпараттың қажеттілігі мен мақсаты туралы әңгімелестік. Бұрын халық санағы қыс мезгілінде жүргізілетін, өйткені халықтың ары-бері жүруі сиреген кезде сенімді мәліметтер алуға болады деп саналатын. Сонымен бірге студенттер мен мектеп оқушыларының демалысы және басқа да факторлар ескерілді. Енді барлық мәселелерді шешуде ақпараттық технологиялар мен олардың мүмкіндіктерін пайдалануға басымдық беріледі. 1999 жылы еліміздің Бірінші Ұлттық санағына Астанадағы Қазақстанның жаңа астанасының Статистика департаментінің бастығы ретінде қатыстым. Ол кезде мен Германияның микро-біліктілік зерттеулер бас статистикалық басқармасының, Вашингтон қаласының біліктілік бюросының және т.с.с. тренингтерден өтіп, осындай арнайы ұйымдастырылған сауалнамаларды жүргізуге дайын болдым. Бірақ ең бастысы, Қазақстанның Статистика агенттігі Қазақстан Үкіметі деңгейінде барлық қажетті құжатты, халық санағына жетекшілік жасау мен өткізуге арналған материалдар пакетін уақытылы дайындады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның Бірінші Халық санағына белсенді қатысу еліміздің әрбір азаматының тікелей міндеті екеніне назар аудара отырып, Қазақстан азаматтарына зор қолдау жасағанын атап өту қажет. Мен Мемлекет басшысымен сұхбаттасу міндетін өз мойныма алдым, бұл туралы көптеген республикалық БАҚ-та айтылды, жазылды. Мемлекет басшысының сауалнамасын суретке түсіруден бас тартқан теледидар өкілдерінің бірінің (КТК) наразылығы әлі есімде, мен оған Мемлекеттік статистика туралы заңға сілтеме жасай отырып жеке деректерді кез келген адамға беруге тыйым салынатынын айтып, бас тартудың себебін түсіндірдім. Біздің азаматтар мұны да есте ұстауы керек: түрлі сұрақ қоятын санақ жүргізушілерге өздері, кірістер туралы жеке деректерді бергендеріңізге алаңдамаңыздар, өйткені бұл мәліметтер құпия саналады, жария етілмейді, ол заңмен бекітілген. Біздің екінші ұлттық халық санағымызға мен соңғы сатыда, яғни алынған мәліметтерді өңдеу кезеңінде, Қазақстан Статистика агенттігінің орталық аппаратының Әлеуметтік-демографиялық статистика департаментінің директоры ретінде қатысуыма тура келді. Менің ойымша, бұл санақ туралы белгілі бір дәрежеде, көптеген жағымсыз сөздер айтылды. Ол кейбір тұлғалар үшін лайықты да еді. Мен оның барлық кезеңіне егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ қояйын, тек бір мысал келтіргім келеді, Астанадағы санақшылар белгіленген уақытқа дейін азаматтардың жұмыс орны бойынша ақпарат жинады, бұл санақ жүргізу ережелерін өрескел бұзу болды.  Өйткені тұрғын үйге негізделген және нақты белгіленген мерзімде санақ жүргізу қажет еді. Осы және басқа келеңсіздіктерге байланысты жиналған ақпарат негізінен өңдеуге жарамсыз болды және оны жан-жақты өңдеу үшін тиісті жинақы қалыпқа келтіру қажет болды. Бұл орайда Халық санағының мәні мен маңызын жақсы түсінетін, мәліметтерді өңдеп, кеткен қателіктерді жөндей алатын адамдарды дер кезінде жинап, ұйымдастыра білген, сол кезде жаңадан тағайындалған Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы А.Смайыловтың үлкен еңбегін атап өткен жөн. Сондай-ақ осы мәселелердің барлығын шешу үшін жүзден астам үлкенді-кішілі бағдарлама жасап, туындаған мәселелердің бәрінің дер кезінде шешілуі үшін тер төккен белгілі демограф пен тамаша бағдарламашы Е.Мұсабектің тигізген зор пайдасын айтпай кетуге болмайды. 2021 жылғы 1 маусымда Қазақстан Ұлттық халық санағының дайындық кезеңі басталды. Санақшылардың  тұрғын үйлер мен тұрғын үйлерге жатпайтын мекенжайларды жаңарту және онда тұратын тұрғындарды нақтылау бойынша елді мекендерді аралау жұмыстары жүріп жатыр. Халық санағына дайындық іс-шарасына, шамамен 6,5 мың адамды тарту жоспарланып отыр. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың басшылығымен үшінші Ұлттық халық санағын өткізу үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия науқанға дайындық пен оны өткізуді ұйымдастыру және маңызды мәселелерімен айналысады. Қазірдің өзінде бұл комиссияның бірнеше отырысы өтіп те үлгерді. Жалпы, бұрынғылардан айырмашылығы, бұл санақ мүмкіндігінше цифрландырылады деп болжанып отыр. Яғни, 1 қыркүйектен бастап Sanaq.Gov.kz веб-сайты санақ аясындағы сауалнама сұрақтарына қатысты онлайн режимінде жауап беруге мүмкіндік жасайды. Қазанның соңғы екі аптасында санақшылар еліміздегі азаматтардың үйіне барып, оларға ыңғайлы қалыпта мәліметтерін планшеттерге жазып алады. Ұлттық статистика бюросының аймақтық департаменттерінде ұлттық санақтарды дайындау және өткізу бойынша штаттан тыс бөлімдер құрылды. Халық санағын дайындаудың алғашқы дайындық кезеңінде мекенжайлардың тізімін нақтылау үшін бес мыңнан аса (5405) санақшылар елді мекендерді аралайды. Тіркеушілер тұрғын үйлердің және тұрғын емес үй-жайлардың мекен-жайларының тізімдерін, сондай-ақ олардың әрқайсысында тұрақты тұратындардың санын көрсете отырып, қалалық, ауылдық аумақтың шегін  ажырату мақсатында қалалық және ауылдық елді мекендердің аумақтарында халық санағын толық жүргізу үшін әр елді мекенді аралап шығады. Дайындық кезеңі 30 маусымға дейін созылады. 2021 жылғы Ұлттық санақтың негізгі кезеңі 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін өтеді. 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Ұлттық статистика бюросының sanaq.gov.kz арнайы сайты ашылады, ол санақ барысында барлық сұраққа онлайн режимінде жауап алуға мүмкіндік береді. Оған дәстүрлі форматта да, sanaq.gov.kz сайтында ЭСҚ көмегімен онлайн қатысуға болады. Қазақстандықтардың өздері санақтан өту үшін қандай әдіс ыңғайлы екенін өздері таңдай алады. Сөзімнің соңында Ұлттық санақ деректері мемлекеттік экономикалық, әлеуметтік және демографиялық бағдарламаларды жасауға қажет екенін тағы бір рет еске салғым келеді. Ол барлық жастағы халық үшін қажет: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған балабақшалар салу үшін; жастарға арналған жатақханалар, мектептер, университеттер, стадиондар және т.б салу үшін; еңбекке жарамды жастағы тұрғындар үшін, кәсіпкерлік нысандарын кеңейту және дамыту үшін, аға ұрпақ үшін, клиникалар, ауруханалар, санаторийлер желілерін кеңейту үшін және т.б. Яғни, халық санағы халық үшін жүргізіледі! Үшінші Ұлттық халық санағына елдің барлық тұрғыны қатысады деп сенемін.

Әнуарбек ДӘУРЕНБЕКОВ,

«Құрмет» орденінің иегері,

Алматы экономика және статистика академиясының профессоры