Мемлекеттік аппарат саны 30 пайызға қысқарады
Мемлекеттік аппарат саны 30 пайызға қысқарады
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Мемлекеттік аппарат санын қысқарту туралы» Жарлыққа қол қойды, – деп жазды Кабар агенттігі.
«Мемлекеттік атқарушы билік және басқару органдары құрылымын оңтайландыру, қосарлаушы және артық функцияларды жою, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты ұстауға қарастырылған бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, Қырғызстан Республикасы Конституциясының 71-бабын басшылыққа ала отырып, Қырғызстан Республикасы Президенті әкімшілігі, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, әкімшілік ведомстволар, атқарушы биліктің өзге мемлекеттік органдары, жергілікті мемлекеттік әкімшіліктер, мемлекеттік органдардың штаттық санын 30 пайызға қысқарту қаулы етілді», – делінген ресми сайтта жарияланған ақпаратта.