Алматыда жаңа туған нәрестесін 150 мыңға сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

Алматыда жаңа туған нәрестесін 150 мыңға сатқан ерлі-зайыпты ұсталды

Алматыда жаңа туған нәрестесін 150 мыңға сатқан ерлі-зайыпты ұсталды
ашық дереккөзі

Алматыда жаңа туған нәрестесін сатқан ерлі-зайыпты ұсталды. Олардың өзбекстандық 39 жастағы жігіт пен 28 жастағы келіншек екені белгілі болды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлады.

Полицейлердің айтуынша, олар ұл баланы 2020 жылғы қарашада 150 мың теңгеге Жамбыл облысының тумасына сатыпты. Алайда денсаулығына байланысты бүлдіршін 3 айдан кейін шетіпеп кетіпті. Бірақ, бұл жұп осыған дейін де бір баласын қомақты қаржыға сатқаны анықталған. Қазір оларға кәмелет жасына толмағандар саудасы бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Егер кінәлары толығымен дәлелденетін болса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Тексеру жұмыстары кезінде дәл осындай қылмысқа қатысы болғанын дәлелдеп отырмыз. 2019 жылы осы жұптың тағы бір баласы болған. Оны өзге біреуге қомақты сомаға сатқаны белгілі болды. Қазір бұл кішкентай бүлдіршіннің қай отбасында тәрбиеленіп жатқаны анықталды, дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.