"Ертең Нұр-Сұлтанда көңілді болады". Қауіпті жазба жариялаған елорда тұрғыны ұсталды
"Ертең Нұр-Сұлтанда көңілді болады". Қауіпті жазба жариялаған елорда тұрғыны ұсталды
Елордада полицейлері әлеуметтік желіде бірнеше қауіпті пост жариялаған қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
⠀
Департаменттің хабарлауынша, 25 маусымда "ВКонтакте" әлеуметтік желісінің пайдаланушысы қарумен түскен суретін жариялап, "Ертең Нұр-Сұлтанда көңілді болады" деп жазған. Қазір жазба авторы ұсталып, полицияға жеткізілді. Ол 23 жастағы елорда тұрғыны болып шықты.