LRT құрылысы қайта жанданды

LRT құрылысы қайта жанданды

LRT құрылысы қайта жанданды
ашық дереккөзі

Елордада LRT құрылыс жұмыстары қайта жандана бастады. Әуежай маңына ұзақ уақыттан соң алғашқы жұмысшылар да келді. Олар жер үсті метроларының бағаналарына бетон өтпелерді орнататын болады. Бірақ, бір өкініштісі бұл құрылыс жанданбай тұрып мамандар үлкен проблемаға тап болды. Бұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлады. 

Араға 2,5 жыл немесе салып LRT құрылыс алаңында тағы да крандар пайда болды. Мамандар қоршаулары қираған, арам шөп басып қараусыз қалған нысанды жамап-жасқап, дайындық жүрігізіп жатыр. Жауаптылар алғашқы жұмыстарды әуежай маңынан бастауды жөн санапты. Бір өкініштісі, сенбі күніне жоспарланған құрылыс жұмыстарының басталуынан аяқталуы тез болды. Өйткені, бетон балкаларды көтеруі тиіс салмағы 400 тонналық крандар істен шығыпты. Ал қыруар қаржыға сатып алынған техниканы вандалдар қиратып кеткен. Құрылыс тоқтап тұрған уақытта олар қосалқы бөлшектерін ұрлап, сатып жіберген көрінеді. Енді, міне жөндейін десе алып құралдың тілін білетін маман елімізде жоқ екен. Шеттен алдыртып жатқан көрінеді.
Күн жыли бастаған кезден бастап, балканы қою жұмыстарын бастап жатырмыз. Сенбі күні бірінші балкамызды қоюға ниеттеніп жасап едік, өкінішке орай техникалық ақауларға байланысты осындай жағдай болып, қайтадан тоқтап қалды, бізге қаржы жағы қатты әсер етті. Пандемия біраз басылғаннан кейін, Қытайдан мамандар келе бастады, дейді құрылыс алаңының инженері Асқат Мырзабаев.
Қытайдың мердігер консорциумф қазір келісім-шарт міндеттемелері шеңберінде құрылыс-монтаждау жұмыстарына дайындық жүргізіп жатыр. Пандемияға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесі түзетілді. Өйткені, оған дейін қытай мамандары елімізге кіре алмаған. Еске сала кетейін, жуырда ғана осы "Астана ЛРТ" ісіне қатысты сот отырысы аяқталған еді.  Әртүрлі лауазымда болған 7 азамат 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, прокурор айыпталушылардан 5 млрд теңге өндіріп алу жөнінде сұрады. Ал, бүкіл былықты бастаған қала әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Астана ЛРТ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланған.