Ұлыбританияда коронавирустың тағы бір штамы таралып жатыр
Ұлыбританияда коронавирустың тағы бір штамы таралып жатыр
Ұлыбританияда коронавирустың лямбда штамын жұқтырған 6 адам анықталды, деп хабарлады Express елдің Денсаулық сақтау министрлігінің 25 маусымдағы мәліметтерін негізге ала отырып.
Лямбда штамы бұрын Оңтүстік Америкада, соның ішінде Чили, Перу, Эквадор және Аргентинада анықталған. Сарапшылардың пікірінше, коронавирустың бұл нұсқасында вирустың таралуына әсер етуі мүмкін тікенек ақуызында бірнеше мутация бар.
Қазір Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігі мутацияның әсерін жақсы түсіну үшін штамға зерттеулер жүргізіп жатқанын айтты.
Министрлік қазіргі кезде коронавирустың жаңа нұсқасының әсері қандай екенін, вакциналардың тиімді-тиімсіз екенін анықтайтын ешқандай дәлел жоғын атап өтті.
Лямбда штаммының негізгі белгілері: қызу көтерілу, үздіксіз жөтел және иіс немесе дәм сезудің жоғалуы немесе өзгеруі.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, Ұлыбритания коронавирус бойынша әлемде 7 орында. Елде 4,7 миллион ауру жұқтыру жағдайы және 128 мың өлім тіркелген.