29 маусымда қандай тарихи оқиғалар болды?

29 маусымда қандай тарихи оқиғалар болды?

29 маусымда қандай тарихи оқиғалар болды?
ашық дереккөзі
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтығының арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Гвинея Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы нота алмастырылды. 1998 жылы Тараз мемлекеттік университетінде XVI ғасырда өмір сүрген белгілі тарихшы, әдебиетші, философ, «Тарихи Рашидидің» авторы М.Х. Дулатиге мүсінтас қойылды. 2001 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлыққа қол қойды. 2005 жылы Мемлекет басшысы «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 2005 жылы Оралда Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішіндегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Батыс Қазақстан облысы әкімшілігі және «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы арасында өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды. 2005 жылы Семейде қазақ ғалымы, абайтанушы, профессор, жазушы, драматург, Абай атындағы сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың (1916-2004) шығармалар жинағының бірінші томы жарық көрді. Шығармалардың бірінші томына «Абайдың әдебиет мектебі», «Абай шығармаларының текстологиясы» еңбектері және танымал адамдар туралы мақалалары енді. Саяси қуғын-сүргін жылдары бұл зерттеулерге тыйым салынған, ал авторды «халық жауы» деп айыптап 25 жылға түрмеге қамаған. Жинаққа кірген Қайым Мұхамедхановтың хаттары мен суреттері ғалымның отбасылық мұрағатынан алынған. 2009 жылы Астанада өткен Қала құрылысын салушылардың «Қазақстан-2009» VIII форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қала құрылысын салушылар одағының Алтын медалімен марапатталды. 2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ мешіті құрылысының орнына ескерткіш капсуласын орналастырды және оны «Әзірет Сұлтан» деп атады. Мешіттің сәулет жобасының бәйгесіне 26 жұмыс түскен. Соның ең үздігі болып «KAZGOR» жобалау академиясы таңдалған. 2010 жылы Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен толеранттық және кемсітпеушілік жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі конференциясы болып өтті. 2010 жылы Маңғыстау облысындағы Баутино портында республикадағы жалғыз кеме жөндейтін зауыт іске қосылды. 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ылғал жұтқыш мақта, мақта целлюлозасын және техникалық карбоксиметилцеллюлоза шығарумен айналысатын еліміздегі алғашқы кәсіпорын пайдалануға берілді. 2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. 2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының (ЕКПА) төрағасы Мевлют Чавушоглумен кездесіп, тараптар Қазақстан мен ЕКПА ынтымақтастығының жағдайы мен перспективаларын талқылады. 2011 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік тілді дамыту қоры Астана қаласында «Елбасы және мемлекеттік тіл» жинағының тұсауын кесті. 2012 жылы Астана қаласында қоғамдық келісім және әлеуметтік жаңғырту саласындағы Сараптама кеңесінің бірінші отырысы өтті. 2012 жылы Өскеменде Астана мен Протозанова көшесін біріктіретін Үлбі арқылы автомобиль көпірін салуды бастады. 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қобыз сарайы» көпфункционалды концерт залына барды. Ғимарат қазақ музыкалық фольклорын насихаттау мақсатында, сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық туристерді тарту үшін жеке инвестордың қаражатына салынды. «Тілеп қобыз сарайының» көрермен залы қазақы киіз үй түрінде жасалған, ал залдың іші қазақтың ұлттық нақыштарымен безендірілген. Акустикасы жапониялық мамандардың көмегімен іске асырылды. 2014 жылы Ақтауда шетелдегі алғашқы әзербайжандық логистикалық орталық салына бастады, оның көмегімен Әзербайжанда шығарылатын өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімі Қазақстанға және кері экспортталатын болады. 2015 жылы Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін құру бойынша Келісім Баптарына қол қойды. 2015 жылы Мәскеуде, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевты Ресейдің Еркін экономикалық қоғамдастығының Үлкен Алтын медалімен марапаттау рәсімі өтті. Елбасы ЕЭҚ-тың алғашқы шетелдік кавалері атанды. 2015 жылы Татарстан Республикасындағы қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы С.Жақсыбаевтың өтінішхаты мен Қазанның муниципиалдық топонимика жөніндегі комиссиясының ұсынымдарына сүйене отырып, қала әкімдігі Вахитовский және Приволжский аудандарының аумағындағы Эсперанто көшесін Нұрсұлтан Назарбаевтың атына өзгертті. Көшедегі мекенжайдың нөмірлері сол күйі сақталып қалды.