Жандарбек Бекшин: Алматыда жағдай өте күрделі

Жандарбек Бекшин: Алматыда жағдай өте күрделі

Жандарбек Бекшин: Алматыда жағдай өте күрделі
ашық дереккөзі
Алматыда эпидахуал өте күрделі. Бұл туралы онлайн брифинг кезінде Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алматы қаласында эпидемиологиялық жағдай өте күрделі. Жыл басынан 28 маусымға дейін 55 101 жағдайы, маусым айында - 3 889 жағдай тіркелді. Өткен аптада коронавирус жұқтыру деңгейі 1,7 есе өсті (742-ден 1 237-ге дейін), соңғы тәулікте 215 жағдай тіркелді, тәуліктік өсім 0,2%-ға жетті», - дейді Жандарбек Бекшин. Оның айтуынша, Алматы қаласындағы эпидемиологиялық жағдай контагиозды мутацияланған «дельта» штамының таралуына байланысты күрделене түсті. «Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77 «альфа», британдық штамдар, 46 үлгіде «дельта», үнді штамдары анықталды. Сонымен қатар, екі «гамма», оңтүстік африка штаммдары мен бір нью-йорк, «бетта» штамы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі «альфа» штаммының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден келген «дельта» штамының салдарынан», - деді Жандарбек Бекшин.