Комада жатыр: Оралда 25 жастағы азаматты пойыз қағып кетті

28 маусым, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Комада жатыр: Оралда 25 жастағы азаматты пойыз қағып кетті Нұр-Сұлтан - Орал жолаушылар пойызы 25 жастағы ер адамды қағып кетті. Оқиға Орал-Желаево аралығында болған. Теміржолшылардың айтуынша, ер адам құлаққап тағып алып, қозғалып бара жатқан пойыздың алынан жүгіріп өтпек болған. «Жәбірленуші жарақат алып, комада жатыр", - деді Орал жол аралық учаскесінің басшысы Қуат Құламанов. Пойыз адам қаққаннан кейін біраз уақыт тоқтап тұрып, кейін қозғалысын жалғастырды.