Семейге жаңа әкім тағайындалды

Бақытжан Байахметов Семей қаласының әкімі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаланың жаңа басшысын Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов таныстырды.

Бақытжан Байахметов бұған дейін ШҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Осы жылдың басында қала басшысы болып тағайындалған Нұрымбет Сақтағанов денсаулығына байланысты отставкаға кетті.

47efbb1609ecc5dc058282643f8e25f8

Бақытжан Байахметовтің «Инженер-электрик» және «экономист» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 1992 жылы Аягөз қаласының «Алтайэнерго» кәсіпорнында инженер болып бастаған.

Электрмен жабдықтау саласында 2005 жылға дейін жұмыс істеп, басшылық лауазымдарға дейін жетті.

2005-2008 жылдары Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Әр жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінде, қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жұмыс істеген.

2010-2014 жылдары Аягөз қаласының әкімі болды. Одан әрі Ұлан, Аягөз аудандарын басқарды.

2019 жылдан бастап бүгінге дейін Шығыс қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

Back to top button