Үнді штамы: дүйсенбіден бастап локдаун жарияланды

Үнді штамы: дүйсенбіден бастап локдаун жарияланды

Үнді штамы: дүйсенбіден бастап локдаун жарияланды
ашық дереккөзі
Бангладеште дүйсенбіден бастап COVID-19 таралуының өршуіне байланысты қатаң шектеу күшіне еніп, локдаун жарияланды, – деп жазды Еuronews.сom. Елде коронавирустың үнді штамы көп таралуда. Билік барлық мемлекеттік және жекемешік кеңселерді жапты. Үйден тек шұғыл шаруамен ғана шығуға болады. Денсаулық сақтау департаментінің мәлімдеуінше, қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету үшін полиция мен шекара қызметкерлері тартылады, егер қажет болған жағдайда әскерилер де осыған жұмылдырылуы ықтимал. Бұл кезекті локдаун. Бұған дейін де мамыр айының ортасында 170 миллион адам тұратын Бангладеште коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқан еді. Өткен жұма күні 6 мыңға жуық адамда инфекция анықталды, ол тест арқылы расталды. Сол күні COVID-19 инфекциясынан 108 пациент көз жұмды. Қазір Үндістан шекарасына жақын маңдағы өңірлерде жағдай өте ауыр. Онда барлық ауруханада орын қалмаған. Үндістанда мамыр айының басымен салыстырғанда қазір коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеді. Ол кезде күн сайын 400 мыңдай адамнан вирус анықталып отырды. Алайда билік батыстағы Махараштра штатында шектеуді Delta plus вирустың жаңа түрінен төнген қауіпке байланысты ғана күшейткен болатын.