«Қызыл» статуспен дәмханаға барғаны үшін 87 мың теңге айыппұл төледі

28 маусым, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
«Қызыл» статуспен дәмханаға барғаны үшін 87 мың теңге айыппұл төледі Елорда тұрғынына «қызыл» түсті мәртебемен дәмханаға барғаны үшін айыппұл салынды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресии сайтында үйде оқшаулану режимін бұзған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейтін хаттама толтырылды делінген. Оның санкциясында 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл қарастырылған. Айта кетейік, биылғы жылдың 5 сәуірінен бастап Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарында үй карантинін бұзған 4039 келуші анықталды.