Жаңалықтар

«Қызыл» статуспен дәмханаға барғаны үшін 87 мың теңге айыппұл төледі

Елорда тұрғынына «қызыл» түсті мәртебемен дәмханаға барғаны үшін айыппұл салынды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресии сайтында үйде оқшаулану режимін бұзған азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейтін хаттама толтырылды делінген.

Оның санкциясында 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл қарастырылған.

Айта кетейік, биылғы жылдың 5 сәуірінен бастап Ashyq жобасына қатысатын бизнес нысандарында үй карантинін бұзған 4039 келуші анықталды.

Back to top button