Жаңалықтар

Алдағы күндері ауа райы қандай болады – Қазгидромет

28-30 маусымда елімізде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшеюі мүмкін. Кей өңірлерде аптап ыстық болады, – деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің болжауынша, 28 маусымда Қазақстанның солтүстігінде, орталығында, батысында және орталығында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, найзағай жарқылдауы ықтимал. Еліміздің шығысы пен оңтүстігінде күн райы ашық болады. Солтүстікте, батыста және оңтүстік-шығыста жел күшейіп, солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, оңтүстік-шығыста және батыста бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, Атырау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық болады.

Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі өте жоғары.

Back to top button