Ақтөбе облысында 12 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

Ақтөбе облысында 12 жолаушысы бар автобус аударылып қалды

Ақтөбе облысында 12 жолаушысы бар автобус аударылып қалды
ашық дереккөзі

Ақтөбе облысындағы трассалардың бірінде жолаушылар автобусы аударылып қалды деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол көлік оқиғасы 27 маусымда «Самара-Шымкент» тас жолының 916-шақырымында Бөгетсай ауылына жақын маңда болған.
«ПАЗ-32054 автобусының жүргізушісі (салонда 12 жолаушы, оның үшеуі бала) жол ережесін өрескел бұзып, жолдағы кедергіні көре тұра жылдамдықты төмендетпей, жолдың оң жақ жиегіне аударылып қалған», - делінген аталған хабарламада.
Автобус Ырғыз ауданы Калинин ауылынан Ақтөбе қаласына қарай отбасылық жиыннан бет алған. Оқиға салдарынан үш адам жарақат алып, дәрігерге жүгінген. Олардың екеуі жеңіл жарақат алса, бірі сүйегі сынып ауруханаға жатқызылды.