Ақтауда қандаладан құтылмақ болған әйел екі адамды өлтіріп алды

Ақтауда қандаладан құтылмақ болған әйел екі адамды өлтіріп алды

Ақтауда қандаладан құтылмақ болған әйел екі адамды өлтіріп алды
ашық дереккөзі
Ақтауда үйіне дезинфекция жасап екі адамның өліміне себепкер болған әйел 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ашық сот отырысында оның кінәсі толық дәлелденген, — деп хабарлайды КТК арнасы. Жұртты дүрліктірген оқиға ақпан айында болған. Пәтерін қандаладан тазартпақ болған әйел көршілеріне ескертпестен үйіне «Квикфос» препаратын шашып кетіп қалған. Удан жоғары қабатта тұратын 10 айлық сәби мен оның анасы көз жұмды. Ал жеті адам есінен танып ауруханаға түскен. Олар дер кезінде дәрігерлерге көрініп аман қалған болатын. «Дезинфекция жасау кезінде ҚР сатылуға тыйым салынған препаратты пайдаланған. Бұл препаратты қолдану кезінде, өкінішке қарай, көршілеріне алдын ала ескертпеген. Сот үкімімен аталған ҚР ҚК 304-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — деді Маңғыстау облысы сотының баспасөз хатшысы Гаухар Нұрханова.