Бекшиннің жаңа қаулысы: 28 маусымнан карантин талаптары қатаңдатылады

Бекшиннің жаңа қаулысы: 28 маусымнан карантин талаптары қатаңдатылады

Бекшиннің жаңа қаулысы: 28 маусымнан карантин талаптары қатаңдатылады
ашық дереккөзі
Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес, ASHYQ жобасының қатысушысы болып табылмайтын әлеуметтік-экономикалық нысандар жұмысының шарттары бекітілген. Аудан әкімдері, мемлекеттік органдар, Алматы қаласы бойынша "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы, құқық қорғау және арнайы органдар ASHYQ жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлерін, азық-түлік емес базарларды және басқа да шағын, орта бизнес объектілерін қосуды қамтамасы етуі тиіс. Сонымен қатар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік, ұлттық табиғи саябақтар, қорықтар және басқалары) 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтарға баруға рұқсат етіледі. Вакцина салдырған және соңғы 6 айда коронавируспен ауырып, жазылған адамдардың қатысуымен күндізгі режимде отырыстар өткізуге рұқсат беріледі. Бұдан бөлек, "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар және жалпы үлгідегі мектеп-интернаттар ашылады. Жаңа қаулыға сәйкес, қалада жаппай маска тағу режимі енгізіледі, қоғамдық көлік, такси, метро, әуежайлар, вокзалдар, балалар алаңдары, базарлар және басқа да қоғамдық орындар профилактикалық дезинфекциялық өңдеуден өткізілуі тиіс. Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 28 маусымнан бастап күшіне енеді.