Жаңалықтар

“Жасотандықтардың” жақсылығы

ашық дереккөзі

“Жасотандықтардың” жақсылығы

Жасотандықтар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық акциясына белсенді қатысып жатыр.

Олар бүкіл ел бойынша жалғызбасты зейнеткерлерге үй маңындағы аумақты қардан тазартуға, үйдің ішін ретке келтіруге көмектесті.

9 мамыр және халықаралық әйелдер күні қарсаңында құттықтау акцияларын ұйымдастырды. Медицина қызметкерлеріне «Алғыс пакеттерімен» қамқорлық жасап, аз қамтылған балаларды балалар мерекесімен құттықтады.

«Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, әрбір эко-акция тәрбиелік сипатқа ие. Сонымен қатар, акция қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті дәріптеп, экологияны қорғау бойынша өзекті мәселелерін көтереді.

«Экологиялық акцияның өзінің тікелей міндетінен басқа, тағы бір маңызды функцияны орындайды.

- Ол азаматтық ұстанымы биік тұлғаларды«Бұл менің қалам. Мен оны таза және жасыл етемін!» атты идеясымен біріктіреді. Бұл іске жастардың көптеп келуі және қаламыздың келбетін жақсартуға өз үлестерін қосқаны мені қатты қуантады! Өйткені «30 игі іс» акциясы адамдар мен қоғам үшін арналған нақты іс — шараларға,мейірім мен жақсылықты арқау еткен акцияларға негізделген»- деді Нұржан Жетпісбаев.

Өз кезегінде «Biz Birgemiz» қозғалысының волонтері Руслан Бахтияров әрбір акция қаланы көркейтуге және еріктілер қозғалысына өз үлесін қосуға үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.