Жаңалықтар

Қарағанды саябағында өлі арыстанның денесі табылды

Қарағанды қаласының саябағында өлі арыстанның денесі табылды. Полиция мән-жайды анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

25 маусымда Қарағанды қаласының Орталық саябағының аумағында жабайы жануар – арыстанның жерленген жері табылды. Тәртіп сақшылары барлық жағдайды анықтап жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Back to top button