Қарағанды саябағында өлі арыстанның денесі табылды

26 маусым, 2021 / Гафура Асқарқызы
ашық дереккөзі
Қарағанды саябағында өлі арыстанның денесі табылды Қарағанды қаласының саябағында өлі арыстанның денесі табылды. Полиция мән-жайды анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 25 маусымда Қарағанды қаласының Орталық саябағының аумағында жабайы жануар - арыстанның жерленген жері табылды. Тәртіп сақшылары барлық жағдайды анықтап жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабы (Жануарларға қатыгездік көрсету) бойынша қылмыстық іс тіркелген. «Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.