Қазақтың кәсіпкер әйелдері бағындырған белестер
Қазақтың кәсіпкер әйелдері бағындырған белестер
Қазақ әйелдері немен айналысады? Екі қолға бір кәсіп табу қиын. Ал одан да қиыны – өз кәсібіңді ашу. Бұл қиын істің басы-қасына аяулы аналар бен ару қыздарымыз да атсалыса бастаған. Әсіресе, ауылды елді мекендер мен шалғай аймақтарда жұмыссыздық көп, жұмыс орны жоқ. Осындайда пайдалы кәсіп ашып, жұмыс күшін тартып, экономикаға титтей де болса өз үлесін қосқан әйел кәсіпкерлердің еңбегіне назар аударып көрелік. Әйел адамдарды экономикалық қолдау мақсатындағы «Coca-Cola Белестерi» бағдарламасы жариялаған байқау нәтижесінде, жеңімпаз ханымдар биыл өз кәсібін ашып, аяққа тұрғызбақ. Компания бағдарл амасы бойынша жеңімпаз он кәсіпкерге грант беріледі.
Қазақстанда «Coca-Cola Белестерi» бағдарламасының жүргізіліп отырғанына төрт жылдың жүзі. Оның ұйымдастырушысы «Социальная динамика» қоғамдық қоры мен «Жасыл экономика» және G-global дамыту коалициясы, Coca-Cola компаниясы. Осы аралықта кәсіпкерлікті жүргізу, дамыту, жобасын жасау бойынша 7 мың 400 тренинг өткізілген. Ең ғажабы, бұл тренингтер ауылды аймақтардың аудиториясына бағытталған. 2016 жылы Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарында 2 мың әйел экономикалық сауатын ашып, бизнесті жүргізу, тренерлер кеңестері мен жасыл экономика бойынша үздік бизнес-кейстер бойынша білім алды. Бұл ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі алдындағы таптырмас дайындық. Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын көруге тұңғыш рет Түркия, Орталық Азия және Кавказ дивизионының жетекшісі Хэйди Ламон келіп, қазақ кәсіпкер ханымдарының қолынан шыққан бұйымдарға тәнті болды. Оның сапарының басты мақсаты – Қазақстандағы әлеуметтік бағдарламалармен танысу болатын. Сондай-ақ, елімізде тренинг өткізген аймақтарда, жалғыз бизнес ашуға шамас ыкелмеген әйелдердің кооперативке бөлісіп, бірлесе бизнес ашуы таңқаларлық жайт деп бағалады. Бұл тәжірибені басқа мемлекеттерде де бөлісe керектігін айтты.
Бұл жоба – ауыл шаруашылық кәсіпкерлігін дамыту механизмі деп айтуға болады. Әйел адамдар өз отбасының тұрмысы мен қаржылық жағдайын жөндеуге тиімді болмақ. Сонымен қатар, бұл бағдарламаның нәтижесі көрсеткендей, біздің жеңімпаздарымыз қаржылық сауаттылық бойынша курстар оқып, өзінің тәжірибесімен бөліседі. Жасыл экономика технологияларын меңгеру үшін бізге басқа облыстардан арнайы келеді. Әсіресе, мұндай әлеуметтік бағдарламалар мемлекеттік институтқа да, кәсіпкер қоғамға да пайдасын тигізіп отыр, - деді «Жасыл экономика» және G-Global коалиция төрайымы Салтанат Рахымбекова.
Мәселен, биыл Алматы облысындағы жеңімпаздардың бірі Сәниям Сұлтанованың бизнес жобасы бойынша, бақша салу, тәтті бұрыш өсіру, сондай-аө өнімді екінші реттік өңдеу нәтижесінде салат, бұрыш жауып, сатуға шығарады. Ал Бибігүл Әлиәкбарованың бизнес жобасы көпшіліктің көңілінен шығатын, сұранысқа ие балалар орындығы. Әдетте, нарықта сатылатын балалар орындығы 1-2 жасқа арналады, ал 5 жастан жоғары балалар үлкен орындыққа отыруға мәжбүр. Бибігүлдің ұсынған ағаш орындығы, табиғи таза өнімнен жасалады, және 2-6 жас аралығындағы балалардың отыруына ыңғайлы, сабақ оқуына тиімді құрал.
Алғашқы жылдары бұл жоба екі облыста: Алматы мен Астана облыстарында ғана жүргізілсе, биылдан бастап Қарағанады облысы да кірді.
– Осынау бағдарламаға деген қызығушылық жыл санап артып келеді. Бизнес бастамаларға түсетін тапсырыстардың сапасы да мазмұны да кеңейіп келеді. Алдыңғы жылғы қатысушыларымыз да сыртта қалмай, жобаға араласып отырады. Мысалы, 2015 жылғы жеңімпаз жылыжай салып, көкеніс өсірді. Осы еңбегіне шабыттанған кәсіпкер әйел келесі жылы балабақша ашты. Бұл істің тұрақты жемісін ғана емес, оладың жаңа өзгерістерге, жаңа көкжиектерге дайын екенін көрсетеді, - дейді «Социальная динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Ожго.
Ұйымдастырушылар биыл 30 тренинг өткізіп, 150 тапсырыс түскен. 10 жеңімпаздың бизнес идеясына бастапқы капитал берілді. «Coca-Cola Белестері» бағдарламасы компанияның көпжылдық 5by20 инициативасының бір бөлігі, 2020 жылы компания дүниежүзі бойынша 5 миллион әйелді кәсіпкерлікке тартпақшы. Себебі, әлемдік зерттеулерге сенсек, әйел адам өз табысының 50 пайызын үйіне жұмсайды.