Батыс Қазақстанда карантин қайта күшеюі мүмкін
Батыс Қазақстанда карантин қайта күшеюі мүмкін
Батыс Қазақстан облысында карантин қайта күшеюі мүмкін. Бұл туралы жедел штаб отырсында облыстық санитариялық-эпидемилогиялық бақылау департментінің басшылары мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Аталған өңір қазір «сары аймақта». Дегенмен, облыс орталығында карантин талаптарын бұзу деректері жиі тіркеліп отыр. Мысалы, 200-ден аса адамның қатысуымен той-томалақ өткізуге жол берген тойхана иелеріне айыппұл салынған. «Егер мұндай жағдай жалғаса берсе, көңіл көтеру орындарының жұмысын шектеуге тура келеді», - дейді сала мамандары. Аймақта 500-ден аса қоғамдық орын Ashyq қосымшасымен жұмыс істеуде.
Нұржан Мақсотов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры: - Жаңақала, Сырым, Тасқала, Қаратөбе осы аудандарда Ashyq қосымшасына қосылған кәсіпкерлік объектілері ең төменгі деңгейді көрсетіп отыр. Осыған байланысты аудандық деңгейдегі белсенді жұмыстардың хаттамалық шешім де көрсетуді ұсынамыз. Бүгінгі күні Ashyq қосымшасының ереже талаптарына сай жұмыс жүргізбеген 35 кәсіпкерлік объектісі қосымшадан алынып тасталса, қосымшаны тиісті деңгейде қолданып жүрген 22 объект ережеге сәйкес жасыл аймақ талаптарына сәйкес жұмыс жасауда.