Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 26 маусым күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Атырау мен Орал қалаларында күтіледі. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.