Жыныстық сауаттылықты арттыратын мобайл қосымша іске қосылды

Жыныстық сауаттылықты арттыратын мобайл қосымша іске қосылды

Жыныстық сауаттылықты арттыратын мобайл қосымша іске қосылды
ашық дереккөзі
Minus18.kz жобасы туралы автор, ІТ маманы Айна Досмахамбетқызы инстаграм парақшасында айтты.
Жобаның мақсаты –  жыныстық тәрбие туралы қазақтілді ақпаратты көбейту. Жыныстық тәрбие – бала тәрбиесінің ажырамас бөлігі. Репродуктивті денсаулыққа көңіл бөлу өте маңызды, – дейді автор кіріспе бөлімде. Қосымшадағы  жазылған немесе айтылған ақпарат ойдан алынған жоқ. Пайдалы ақпарат пен тест сұрақтары, подкасттағы ақпарат  @unfpakaz @ypeerkazakhstan сияқты халықаралық ұйымдардың еріктілерімен құрастырылған. Ақпаратты 20 шақты ерікті қазақшаға аударды. Күнделікті қолданыстағы сөзді сол күйі қалдырдық. Түсіністікпен қарарсыздар, – деді автор.
Мобайл қосымша төрт блоктан тұрады: Пайдалы пост Подкаст Тест Сұрақ-жауап Қосымшада қыздар мен ұлдардың денсаулығына қажет пайдалы мәлімет көп. Сұрақ-жауап айдарында анонимді түрде сұрақ қойып, кәсіби маманнан кеңес алуға болады. Оң жақ төменгі бөлікте жасөспірімдерге көмектесетін қолдау орталығы мен медицина орталықтарының мекенжайы көрсетілген. Мобайл қосымша ешқандай ерте жыныстық қатынасқа итермелемейді де, қолдамайды да. Ол туралы подкасттың екінші эпизодында айтылады.