Спорт

Мәдениет және спорт министрлігі Александр Винокуровтың командадан қуылуына қатысты ресми мәлімдеме жасады

Мәдениет және спорт министрлігі Александр Винокуровқа қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Мәдениет және спорт министрлігі Astana-Premier Tech велокомандасы мен Олимпиада чемпионы, танымал шабандоз Александр Винокуровтың арасындағы жайдан бейхабар.

Еліміздегі спорт саласына жауапты мекеме болғанына қарамастан Министрлікке бұл ауыс-түйіс жайлы хабарланбады. Мәдениет және спорт министрлігін бұл жайт қатты алаңдатады.

Қазір «Астана» Президенттік спорт клубы мен оның қатарындағы барлық құрылымды Мәдениет және спорт министрлігіне беру процесі жүріп жатыр.

Жақын арада барлық процесс аяқталған соң Astana-Premier Tech велокомандасында болған жайтқа қатысты құқықтық баға беріледі, – деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Back to top button