Зиянкес жәндіктерді улаймын деп көршілерін өлтіріп алған Ақтаулық әйел сотталды
Зиянкес жәндіктерді улаймын деп көршілерін өлтіріп алған Ақтаулық әйел сотталды
Ақтауда зиянкес жәндіктерді улаймын деп көршілерін өлтіріп алған әйелге қатысты сот үкім шығарды, деп хабарлайды Liter.kz.
Оқиға 2021 жылғы ақпанда болған. Әйел өз пәтерін тыйым салынған "Квикфос" препаратымен дезинфекциялаған.
Нәтижесінде көрші әйел мен оның 10 айлық баласы көз жұмған. Тағы бес көршісі ауруханаға түскен.
Тергеу барысында сотталушының кінәсі толығымен дәлелденді. Әйелге алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кету керек, бұл - дезинфекциядан адам қайтыс болған алғашқы жағдай емес. 2020 жылы жеке дезинсектор сотталды, оның кінәсінен үш кішкентай бала қайтыс болған еді.
Елімізе 2020 жылғы 20 ақпаннан бастап халыққа бірінші, екінші және үшінші қауіп дәрежесі бар дезинсекция және дератизация құралдарын сатуға тыйым салынды.