АймақЖаңалықтар

Сағынтаев Алматыда үнді штамына байланысты жаңа қаулы қабылданатынын мәлімдеді

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада шектеу ережелері күшейтілетінін айтты, деп хабарлайды КТК.

«Локдаун бола қоймас. Бірақ шектеу шаралары міндетті түрде қабылданады. Қалалық департамент қазір қаулы жобасын дайындап жатыр. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет комитетінің шешімін күтіп отырмыз. Комитеттің қаулысы шыққаннан кейін қалалық департаменттің қаулысы да жарияланады. Індет жылдам тарап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан бәрі түсіністікпен қарайды деп ойлаймын. Бұл жерде бірінші кезекте вакциналауды күшейту керек. Басқа амалы жоқ. Алматылықтарды, бүкіл қазақстандықтарды екпені белсенді алуға шақырамыз», – деді Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Back to top button