Нұр-Сұлтандағы кафелер мен асханалар жаңа кесте бойынша жұмыс істейді

Нұр-Сұлтандағы кафелер мен асханалар жаңа кесте бойынша жұмыс істейді

Нұр-Сұлтандағы кафелер мен асханалар жаңа кесте бойынша жұмыс істейді
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда қоғамдық тамақтану нысандарының (мейрамханалар, дәмханалар, кофеханалар, асханалар) жұмыс тәртібі өзгереді, деп хабарлайды zakon.kz. Елорданың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес кафелер мен мейрамханалар орналасқан жеріне қарамастан санитарлық-профилактикалық ережелерді сақтай отырып жұмыс істейтін болады. Кафелер мен ресторандар жұмыс күндері 7:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері және ашық ауада (жазғы залдар) - 7:00-ден 22:00-ге дейін (орындар саны 30-дан аспайды) жұмыс істейді. Ал асханалар орналасқан жеріне қарамастан 7:00-ден 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Ұжымдық, салтанатты, отбасылық, естелік (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) және басқа да бұқаралық іс-шараларды ("Ashyq"жобасына қатысатын объектілерде еске алу өткізуді қоспағанда) ұйымдастыруға және өткізуге қатаң тыйым салынады.