"Жұдырығымен ұрды": Елордалық қыз Талғат Мұсабаев қол көтергенін айтып полицияға арызданған
"Жұдырығымен ұрды": Елордалық қыз Талғат Мұсабаев қол көтергенін айтып полицияға арызданған
Елорда тұрғыны Алина Нұртас кеше күтпеген жағдайға тап болғанын айтып, Instagram-дағы парақшасына жазба қалдырды. Қыздың сөзінше оған Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаев қол көтерген, деп хабарлайды AzattyqRyhy.
«Саябақ. Қысқа қарғыбауға байланған итімді серуендетіп жүргенмін. Иттің тұмылдырығын да ала шықтым (заң бойынша хаски итіне тұмылдырық кигізу міндетті емес). Осылай келе жатқанмын, белгісіз бір адамның маған айқайлағанын естідім. Әрі қарай жүре бердім, бірақ ол белгісіз адам жақындап келіп, тағы айқайлады. Бір уақытта ол адам бұрылып, менің иығымнан бір ұрды (жұдырығымен). Қолым жансызданып кетті. Полиция шақырдым. Әрине, бір нәрсені дәлелдеу мүмкін емес (мен соны түсіндім). Себебі, ол – Талғат Мұсабаев», – деп жазды Алина Нұртас.
Алина Instagram желісіндегі парақшасында stories арқылы оқиғаның мән-жайын баяндап берген. Оның айтуынша, полиция бастапқыда жәбірленушінің позициясын оң деп тапқан. Алайда, әрі қарай шағым түспес үшін мәселе жабылған. Шағымданушы оған Талғат Мұсабаевтың ықпалы әсер етті деп есептейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram