Дәрігерлер субұрқақта тоққа түскен әйелдің жағдайы нашар екенін айтты

Дәрігерлер субұрқақта тоққа түскен әйелдің жағдайы нашар екенін айтты

Дәрігерлер субұрқақта тоққа түскен әйелдің жағдайы нашар екенін айтты
ашық дереккөзі
Дәрігерлер Алматыдағы субұрқақта тоққа түскен әйелдің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Қазір зардап шеккен әйел ауруханада жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Бұл ақпаратты Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі де растады. Сондай-ақ, ведомство екі баланың жағдайы туралы да айтты.
Балаларды жедел медициналық көмек орталығына жеткізді. Екеуінің де жағдайы қалыпты, шағымдары жоқ, емделіп жатыр, дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.