URKER-2021: TÚRKISTAN газеті – жылдың үздік басылымы

URKER-2021: TÚRKISTAN газеті – жылдың үздік басылымы

URKER-2021: TÚRKISTAN газеті – жылдың үздік басылымы
ашық дереккөзі
Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы "URKER-2021" Ұлттық бәйгесі биыл бесінші рет өткізілді. Бәйгенің "Жылдың үздік газеті" номинациясында TÚRKISTAN  халықаралық саяси апталығы жеңімпаз атанды. Ұлттық сыйлық баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар аймақтардағы журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистердің мәртебесін көтеруге, белсенділігін арттыруға бағытталған. Конкурс мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлесіне құрмет көрсету.