Санитарлық бақылау қызметкерлері алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Санитарлық бақылау қызметкерлері алаяқтық жасағаны үшін сотталды

Санитарлық бақылау қызметкерлері алаяқтық жасағаны үшін сотталды
ашық дереккөзі

Қарағандыда алаяқтық жасағаны үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қызметкерлері сотталды.

Қазыбек би ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімдері бірінің бас мамандары сот алдында жауап берді. Олар ҚР ҚК 190-бабы 3-тармағы 2-бөлігі - "Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар жасаған алаяқтық" бойынша айыпталды. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушылар сөз байласып, пайдакүнемдік ниетпен кәсіпкерді алдап, әкімшілік құқық бұзды деп үлкен айыппұлмен қорқытып, ақшасын иемденген. Сонымен қатар, сотталушылардың екеуі әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімінің аяқталғанын біле тұра, кәсіпкерді шатастырып, ақшаға "мәселесін шешіп беруге" уәде етеді. Олар кәсіпкерден әкімшілік жауапқа тартылмағаны үшін 50 мың теңге сұраған. Кәсіпкер алдымен сотталушыларға ақша аударған, содан кейін күдіктеніп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінген. Осыдан соң олар ұсталды. Сотталушылардың бірі кінәсін толық мойындады, ал екіншісі, керісінше, айыптаумен келіспейтінін айтты. Қазыбек би аудандық соты іс бойынша жиналған дәлелдерді зерделеп, ер адамдарды кінәлі деп таныды, олар 2 миллион теңге айыппұл төлеуге міндеттелді. Сондай-ақ, сот оларды мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан біржола айырды.