Филипп Киркоров Украинаның қара тізіміне енгізілді

Филипп Киркоров Украинаның қара тізіміне енгізілді

Филипп Киркоров Украинаның қара тізіміне енгізілді
ашық дереккөзі
Украинаның Мәдениет және ақпараттық саясат министрлігі ресейлік әнші Филипп Киркоровты қара тізімге енгізді, - деп жазды Inbusiness.kz. «2021 жылдың 11 маусымында Украинаның қауіпсіздік қызметінен мәдениет және ақпараттық саясат министрлігіне ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін адамдардың тізіміне Филип Бедросович Киркоровты енгізу туралы хат келді. Мәдениет министрлігінің 2021 жылғы 22 маусымындағы бұйрығы бойынша, Киркоров Филипп Бедросович тізімге енгізілді», – деп жазылған мәлімдемеде. Қазір қара тізімде 201 адам бар. 2015 жылдың тамызында министрлік Украинаның «ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін» мәдени қайраткерлердің, сонымен қатар ресейлік қайраткелердің де тізімін жариялады. Тізімге енген әртістердің қатарында Олег Газманов, Иосиф Кобзон, Валерия Перфилова (сахналық есімі – Валерия), Сергей Пенкин, Александр Розенбаум, Юлия Чичерина бар. Бұл тізім үнемі жаңартылып отырады.