Атырауда Жайық өзенінің жағалауы өртеніп жатыр

Атырауда Жайық өзенінің жағалауы өртеніп жатыр

Атырауда Жайық өзенінің жағалауы өртеніп жатыр
ашық дереккөзі
Атырау облыстық төтенше жағдайларлар департаменті бұл деректі растады. Жайық жағалауы маусым айы басталғалы бері 4 мәрте өртенді. Департаменттің диспетчерлік пультіне 24 маусымда жергілікті уақытпен сағат 11:14-те Жайық өзенінің жағалауы өртенгені туралы хабар түскен. «Жайық өзенінің «Тұрғын үй қалашығы» шағынауданындағы жағалауында құрғақ бұталар мен қамыс қопасы өртенген. Қазір өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.