Шымкенттегі мектеп директорының дауы: Мұрат Әйтенов пікір білдірді

Шымкенттегі мектеп директорының дауы: Мұрат Әйтенов пікір білдірді

Шымкенттегі мектеп директорының дауы: Мұрат Әйтенов пікір білдірді
ашық дереккөзі

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһардағы №125 мектептің директорына қатысты 7 айға созылған даудың мән-жайын түсіндірді. 

«Бұл даудың басталғанына жеті ай болғанын дұрыс айтып жатырсыз. Сіздерге берген уәдемізде тұрып, мамандар өз құзыреті аясында арнайы барып тексерген болатын. Нәтижесінде ол директор өз еркімен жұмыстан кетті, бірақ уақыт өткеннен кейін біздің басқарманы сотқа берді. Сот ол азаматты заңсыз жұмыстан босаттыңыздар деген шешім шығарып, қайта жұмысқа жүктеді. Қазір біз соттың тапсырмасын орындауымыз керек. Біздің мемлекетте әр адамның заңды құқығын қорғауға мүмкіндігі бар. Сол үшін жұмыстан шыққан азамат ешқандай пара алмағанын дәлелдеу үшін сотқа барып, жеңіп шықты. Нақты дәлел болмағандықтан жемқорлықпен күресетін департамент те, бәрі істі өздері тоқтатқан шығар деп ойлаймын», - деді шаһар басшысы. Сондай-ақ, ол қалалық білім басқармасы істің ақ-қарасын толық анықтау үшін соттың шешіміне апелляциялық шағым түсіргенін мәлім етті. «Сотта екі жақ та тұрды. Қазіргі кезде мұғалімдердің бәрімен біз байланыстамыз. Мен білім басқармасына №125 мектепті тікелей бақылауға алу туралы тапсырма бергенмін. Қалалық білім басқармасы соттың шешіміне апелляциялық арыз берді. Соның нәтижесіне қарай жұмыс істейміз», - деді әкім.