Заңға түзету: бала отырған көлікте шылым шеккендер айыппұл төлейді

24 маусым, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Заңға түзету: бала отырған көлікте шылым шеккендер айыппұл төлейді

Енді учаскелік полицейлер балалар отырған көлік салонында шылым шеккен тұрғындарға өз бетінше айыппұл сала алады. Парламент Сенаты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді қабылдады.

Заң жобасында құқықбұзушылықтардың төрт түрін қарау және жаза қолдану бойынша учаскелік инспекторлардың өкілеттіктері кеңейтіледі: "Көлік қозғалысына кедергі жасау бойынша былтыр 23 500 адам жауапқа тартылып, әкімшілік хаттама толтырылып, 2020 жылы ойын-сауық мекемелерінде мыңға жуық кәмелетке толмаған бала анықталды. Биыл 400-ге жуық хаттама толтырылды. Қазір Ішкі істер органы басшысының орнына бұл құзырет учаскелік полиция инспекторларына беріледі", - деді сенатор Лукин Палата отырысында. Қолданыстағы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес, Қазақстанда темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрон тұтыну жүйелерін көлікте кәмелетке толмаған балалар отырған кезде қолдануға тыйым салынады. Ол үшін 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.