Екі дзюдошы Олимпиадаға жолдама алды

Екі дзюдошы Олимпиадаға жолдама алды

Екі дзюдошы Олимпиадаға жолдама алды
ашық дереккөзі
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) олимпиада біліктілігінен өткен спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансай Смағұлов пен 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев Олимпиадаға жолдама алды. Токиода өтетін ойындарда Қазақстанның намысын 6 дзюдошы қорғайтын болды. Біліктілік кезеңі Венгрияда дзюдодан әлем чемпионатынан кейін аяқталды. Дзюдодан әлемдік турға қатысушылардың барлық ұпайларын есептегеннен кейін спортшылардың қорытынды тізімі белгілі болды.
Ойындарға іріктеу 2018 жылғы 25 мамырдан басталды. Әр салмақта 18 спортшы өнер көрсетеді. Еліміздің әр санатында тек бір ғана спортшы жарыса алады, – деп атап өтті Дзюдодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев.
Олимпиада ойындарында спортшылар барлығы он бес медаль үшін бақ таластырады: ерлер мен әйелдерде жетіден. Тағы біреуі команда жарыстарына арналған. Өткен 2016 жылғы Рио Олимпиадасына да елімізден алты дзюдошы барған еді. Қазір ел спортшылары спорттың 28 түрінен 82 жолдама жеңіп алды.