20 адамнан асатын ұжымға вакцина салу міндеттелді – ДСМ
20 адамнан асатын ұжымға вакцина салу міндеттелді – ДСМ
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz .
Ұйымдасқан ұжымдар дегеніміз - 20-дан аса қызметкері бар кез келген ұжым. Яғни, 20 адамнан асатын кез келген ұжым міндетті түрде вакцина алуы керек немесе әр жеті күн сайын ПТР-сынама тапсыру міндеттеледі, – деді Есмағамбетова.
Ол жаңа талаптар бас санитар дәрігердің қаулысына қол қойылғаннан кейін күшіне енетінін айтты.
⠀
Қазір бас санитар дәрігердің қаулысы әзірленіп жатыр. Оған қол қойылғаннан кейін талаптар күшіне енеді, – деді комитет төрағасы.