20 адамнан асатын ұжымға вакцина салу міндеттелді – ДСМ

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ұйымдасқан ұжымдар дегеніміз – 20-дан аса қызметкері бар кез келген ұжым. Яғни, 20 адамнан асатын кез келген ұжым міндетті түрде вакцина алуы керек немесе әр жеті күн сайын ПТР-сынама тапсыру міндеттеледі, – деді Есмағамбетова.

Ол жаңа талаптар бас санитар дәрігердің қаулысына қол қойылғаннан кейін күшіне енетінін айтты.


Қазір бас санитар дәрігердің қаулысы әзірленіп жатыр. Оған қол қойылғаннан кейін  талаптар күшіне енеді, – деді комитет төрағасы.

Back to top button