Түркістан облысында жыл басынан бері 27 адам суға кетіп қаза тапқан

23 маусым, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Түркістан облысында жыл басынан бері 27 адам суға кетіп қаза тапқан

Түркістан облысында биыл 27 адам суға кеткен. Оның 20-сы - балалар. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда, яғни 2016-2020 жылдары аралығында облыстағы су айдындарында жалпы 252 адам қаза болған, оның 140-ы балалар.
Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері - балаларды есік алдындағы суаруға арналған арықтардың жанында үлкендердің қарауынсыз қалдыру, балалардың шомылуға рұқсат етілмеген ауыл маңындағы каналдарға шомылуы, күннің суығына қарамастан таулардың ортасындағы сарқырамаға түсуі, - деді Ерік Темірханұлы.
Қазір су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізу қарқынды жүргізіліп жатыр.