Балаларға вакцина салына ма? – Министр жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Балаларға вакцина салына ма?»  деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Елімізде балаларға QazVac вакцинасы бойынша клиникалық зерттеу жүргізілген жоқ. Еліміздің заңнамасына сәйкес, балаларға клиникалық сынақтар жүргізуге тыйым салынған. Қалған вакциналарға келсек, әзірлеушілердің вакцинаны балаларға қолдану туралы мәліметтерін күтеміз, – деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінде.

Back to top button